Жаңалықтар тізбегі
0

Сапар Нұрашев өзінің ұсталғандығы туралы қауесетке қатысты пікір білдірді 

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 21:22 видеодан алынды
Ол "өзін ұсталғаны туралы ақпарат таратқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті немесе сол адамды сотқа бересіз бе" деген сұраққа да жауап берді.

Алматы қаласы әкімдігі Жайлы қалалық орта басқармасының бастығы Сапар Нұрашев өзіне қатысты тергеу басталғаны туралы қауесетке түсініктеме берді. Бұл арада сөз Алматыдағы модульдік инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталған іс туралы болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

18 қаңтарда Сапар Нұрашевтың Алматыда ұсталғаны туралы хабарланды. Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қозғаған, бірақ ол маған қатысты емес, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тексеру нәтижелері бойынша қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталуға жақын деп ойлаймын. Бірақ мен бұл істе күдікті емеспін, ұсталған жоқпын, бұл іске еш қатысым жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпарат жалған, - деді Нұрашев.

Ол "өзін ұсталғаны туралы ақпарат таратқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті немесе сол адамды сотқа бересіз бе" деген сұраққа былай жауап берді:

Қазір адвокаттарыммен кеңесіп жатырмын. Әрине, ондай шешім болады. Менің тарапымнан қандай да бір реакция болатыны анық.

Қаңтардың ортасында әлеуметтік желілерде инфекциялық модульдік аурухананың құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру фактісі бойынша ЖШС мен Алматы қалалық әкімдігі Жайлы қалалық орта басқармасы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

2020 жылы сәуірде 280 төсектік модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген 5,5 млрд.теңгенің 3,9 млрд.теңгесі ұрланғаны хабарланды.
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ұрлық фактісін растады. Сонымен қатар олар Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растайтындықтарын айтты.

Алматы әкімдігі департамент басшысының ұсталуы туралы қауесетке Сапар Нұрашевтің жұмыс орнында отырған видеосын жіберу арқылы жауап берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: