Көптоғайдағы шу. Шекарашылар қоршаудың не үшін орнатылып жатқанын түсіндірді

The Fence Post, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2021 16:42 The Fence Post
Жергілікті халықтың дүрлігуі 14 сәуірде Көптоғай ауылы тұсында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салудан басталды.

Атырау мен Астрахан облыстары шектескен аумақта шекара қоршауларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылы Ресеймен шектесіп жатыр. Қиғаш өзенінің бойына орналасқан екі елді бөліп тұратын шекаралық белгіге байланысты бүгінде дау туып, көптоғайлықтар наразылық танытуда. Жергілікті халықтың дүрлігуі 14 сәуірде Көптоғай ауылы тұсында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салудан басталды.

- Бұған дейін шекаралық қоршау Қиғаш өзенінің саласы "Отыз бес" деп аталатын өзектің арғы тұсында болатын. Бұл өзек ауылға жақын орналасқан. Енді келіп ол қоршауды өзектің бергі жағына шығарып, ауылдың іргесінен бір шығарды. Ауыл тек малмен күнелтеді. Ауыз су сағатпен беріледі. Біз сол өзектің суын ауыз су ретінде де, малға да пайдаланатынбыз. Бұл шекаралық белгіні неге жылжытты. Соған түсінбей далмыз. Неге бізге алдын ала айтпайды. Біз енді қалай күнелтеміз, ауыз суды қайдан тасимыз, мал қайдан су ішеді? Малға да сенім жоқ, шекарадан өтіп кетсе, шекараны бұзу болып табыла ма? - дейді Көптоғай ауылының тұрғындарының сөзін келтірген "Ақ Жайық" басылымы.

Атырау облысы билігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл жайтқа байланысты мынандай түсініктеме берді:

"Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салу жұмыстары басталды. 2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімі" бойынша екі ел арасындва шекара белдеуі орнатылуда. Ал демаркациялық жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Жаңа қоршауларды 2016 әскери бөлімі жүргізуде.

- Бұл жұмыстар бұрын басталуы тиіс еді, әртүрлі себептермен жүргізілмей қалған. Біз халықпен шекара қоршауы жұмыстары жүрместен бір күн бұрын кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізгенбіз, - дейді Құрманғазы ауданы әкімі Марат МУРЗИЕВ.
Сонда 1 800 метр жер қоршалу керек.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі отандық БАҚ редакцияларынан осындай материалдарды қайта басып шығару немесе оларға сілтеме жасау кезінде растау немесе түсініктеме алу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуді сұрайды, жалған ақпарат таратпауға шақырады.

Биыл 17 сәуірде жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Атырау облысында жүргізіліп жатқан акциялар туралы видео таратыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Ол - “Қалқан-2021” оқу-жаттығуларынан әлеуметтік желілерде таратылған видео материал, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: