Ресеймен шекарадағы өткізу бекеті жыл соңына дейін жеңіл көліктер үшін жабылады
Сурет: pxhere
4 тамыздан бастап Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" автокөлік өткізу бекетінде қайта құру жұмыстары басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты жеңіл көліктер мен қоғамдық көлікке бұл бекет арқылы өту уақытша жабылады. Шектеулер 2026 жылдың соңына дейін күшінде болады.
Жүк көліктері үшін де шектеулер енгізіледі. Олар шекараны тәулігіне 200-250 көлікке дейін өткізу мүмкіндігі бар электрон кезек жүйесі арқылы ғана өте алады.
Бұған дейін жол қызметі шектеу мерзімдерінің кейінге шегерілгенін хабарлаған еді. Қазір бұл мерзімдер нақты бекітілді.
Шекарадан өту үшін баламалы бағыттар ұсынылды:
- "Шаған" / "Тёплое" өткізу бекеті — екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтары үшін. KZ07-01 Уральск – Ресей шекарасы автожолының 33-шақырымында орналасқан.
- "Ақсай" / "Илек" өткізу бекеті — халықаралық. KZ07-04 Подстепное – Федоровка – Ресей шекарасы автожолының 144-шақырымында орналасқан.
- "Тасқала" / "Озинки" өткізу бекеті — халықаралық. KZ07-06 Орал – Тасқала – Ресей шекарасы автожолының 104-шақырымында орналасқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript