Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеті қайта құрылымдау мақсатында жабылады

Қазақстан-Өзбекстан шекарасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 22:01 Сурет: pxhere
2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап "Қапланбек" (ҚР) – "Зангиота" (ӨР) өткізу бекеттерін жабу жоспарланып отыр. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кедендік бақылау комитеті аталған бекеттерде қандай құрылымдау жұмыстары жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтері бекіткен Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік Кедендік бақылау комитетінің екі жақты кездесуі шеңберінде тараптар 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап "Қапланбек" (ҚР) – "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттерін оларды қайта құру кезеңінде толық жабуға уағдаласты.

Қайта құру қорытындысы бойынша 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жүргізіледі, "Қапланбек" өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлік құралына дейін ұлғайтылады, шекарадан өту уақыты 25 минутқа дейін қысқартылады. Бұдан басқа, көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздерін пайдалану жолымен өткізу пунктінде көлік құралдарының қозғалысының барлық циклін автоматтандыру жоспарлануда, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді және ірі тасымалдаушыларды көлік құралдары мен жеке тұлғалардың ағынын шекараның осы учаскесіндегі басқа "Қазығұрт", "Жібек жолы", "Б..Қонысбаев", "Атамекен", "Сырдария" және "Целинный" өткізу пункттеріне Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына сәйкес қайта бөлу жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді, делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Зангиота-Қапланбек" автомобильдер өткізу пункті 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 19 айға жабылатыны хабарланған болатын.

2022 жылы 20 қазанда қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы ҚР мен ӨР арасындағы келісімшарттың жобасы әзірленгені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: