Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің бірі 19 айға жабылады
Сурет: pxhere
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Зангиота-Көплонбек» өткізу бекеті 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап 19 айға жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ташкент облысы хокимиятының (әкімдігі) Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметі бойынша, бұған Қазақстаннан келген автокөлік өткізу бекетін жаңғырту және техникалық жабдықтау себеп болып отыр.
Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап «Зангиота-Көплонбек» өткізу бекеті уақытша жабылады, делінген хабарламада.
2022 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт жобасы дайындалғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript