Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бекет үш айға жабылады

Пограничные пункты, пограничный пункт, пограничные пункты Казахстана, пограничный пункт Казахстана, международные пункты пропуска, международный пункт пропуска, пункт пропуска, пункты пропуска, государственная граница, государственные границы, пересечение границы, прохождение границы, переход границы, въезд, выезд, пропуск через государственную границу, пропуск через границу, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 13:52 Фото: pixabay
"Тәжен" өткізу бекеті арқылы өту уақытша тоқтатылды. Бұл маңызды мәлімдемені 2025 жылдың 30 қаңтарында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы 9 автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасуда.

Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың "Тәжен" өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі "Тәжен" (ҚР) – "Даут Ата" (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады.

Осыған байланысты, жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:

  • "Б.Қонысбаев" (ҚР) – "Яллама" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар және 3,5 тоннаға дейін жүктемелейтін жүк автокөлік құралдары);
  • "Қапланбек" (ҚР) – "Зангиота" (ӨР) өткізу пункттері (жеке тұлғалар, жеңіл автокөлік құралдары, автобустар);
  • "Сырдарья" (ҚР) – "Малик" (ӨР), "Целинный" (ҚР) – "Ок Олтин" (ӨР) өткізу пункттері (жеңіл автокөлік құралдары легковые, жеке тұлғалар);
  • "Бейнеу" (ҚР) – "Каракалпакия" (ӨР) теміржол өткізу пункттері (теміржол көлігімен жеке тұлғалардың өтуі).

Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: