Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері бес күн жұмыс істемейді
Сурет: gov.kz
Қытаймен арадағы шекарада автомобиль өткізу пункттері 2025 жылдың 27 қаңтарынан бастап 1 ақпанға дейін жұмыс істемейді. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қаңтардағы ведомство хабарламасында:
"Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктем Мерекесіне байланысты 2025 жылғы 27 қаңтардың сағат 20:00-ден, 2025 жылғы 1 ақпанның сағат 08:00-ге дейін, қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды".
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз". ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің деректерін олардың келісімінсіз беру құқығына ие болғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript