Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі тағайындалды

Ақорда Ақорда
Бұл лауазымды қызметке Рәпіл Жолшыбаев барды.

Рәпіл Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Рәпіл Жошыбаев 1963 жылы Жамбыл облысының Ақыр-Төбе стансасында дүниеге келген.

1985 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - экономист.

Еңбек өтілі:

1980-1993 жылдары - Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінде (РФ) техник, экономист, аға инженер, зерттеуші стажер, стажер-оқытушы;

1993 жылдан бастап 2003 жылға дейін - ҚР СІМ-нің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, ҚР-ның Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, ҚР Президентінің Протокол қызметі басшысының орынбасары;

2003-2004 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, ҚР Президентінің Протокол қызметінің бас инспекторы;

2004-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2007 жылдан 2017 жылға дейін - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, жауапты хатшысы, "Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің" комиссары.

2018 жылдан 2020 жылға дейін "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ҰАҚ жетекшісі болып қызмет атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз