Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент қаласының прокуроры тағайындалды

ҚР Бас прокуратурасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 20:00 ҚР Бас прокуратурасы
Бұл лауазымды қызметке Ғабит Мұқанов келді.

Ғабит Мұқанов Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Шымкент қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов тағайындалды, делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Ғабит Мұқанов 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1998 жылы "Қайнар" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Алматы облысы Кербұлақ және Талғар аудандары, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорларының орынбасары, Алматы облысы Талғар ауданының және Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының басқарма бастығы –Аппарат басшысы және Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментін басқарды



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: