Жаңалықтар тізбегі
0

2021 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2021 16:54 primeminister.kz
Осы жылға арналған нақтыланған бюджет шығыстарының негізгі бағыттары — Nur Otan партиясының бағдарламасын және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыруды қамтамасыз ету.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамы және 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімет басшысы сайтының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов баяндама жасады.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсуі бойынша жедел деректерді және әлемдік тауар нарықтарындағы ахуалды, сондай-ақ әлемдік экономиканың өсу болжамдарын ескере отырып, Үкімет 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері мен индикаторларын нақтылады. Мәселен, 2021 жылы ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсарды. Мұнай бағасы барреліне $50 (бұрын $35), ұлттық валюта бағамы – бір долларға 425 теңге (бұрын 420 теңге) деңгейінде болжануда. Сыртқы сұранысты қалпына келтіру аясында металлургиядағы өндірістің неғұрлым белсенді өсуі есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі болжамды көрсеткіштер 4,1%-дан 5,2%-ға дейін жақсарды. Құрылыста болжам 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарына байланысты 2,5%-дан 5%-ға дейін жақсарды.

Ақпарат пен байланыс саласында АТ қызметтерге сұраныстың өсуі нәтижесінде болжам 3,8%-дан 6,5%-ға дейін ұлғайды. Ұлттық банктің болжамы бойынша экспорт $10,8 млрд-қа – $52,2 млрд-қа дейін ұлғаяды. Инфляция бұған дейін бекітілген 4,0-6,0% дәлізінде сақталды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Осы жылға арналған нақтыланған бюджет шығыстарының негізгі бағыттары — Nur Otan партиясының бағдарламасын және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыруды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар шығындар пандемияға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға және денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторын ынталандыруға бағытталады.

Премьер-министр ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған болжамын және 2021-2025 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке енгізуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: