Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да жеті ауданға 16 мектеп салынады

БҚО-да мектеп салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 11:57 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында елімізде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салынуы тиіс.

Президент тапсырмасына сай мектептердегі орын тапшылығын жою, апатты деп танылған нысандар мен бейімделген мектептер мәселесін шешу мақсатында Батыс Қазақстан облысында біраз жоба жүзеге асуда. Биыл «ҚПО б. в.» компаниясының әлеуметтік міндеттемелері шеңберінде жаңа 15 мектеп және жергілікті төтенше жағдайлар резерві есебінен 1 мектеп салынады. Былтыр 2 мектептің құрылысы басталса, 2023 жылы 14 ғимарат бой көтереді. Құрылыс жобалары аяқталған соң өңір бойынша 1700-ге жуық оқушы жаңа мектеп табалдырығын аттамақ.

«ҚПО б.в.» компаниясының демеушілігімен салынатын мектептерді атап өтсек:

  • Ақжайық ауданы бойынша Атамекен ауылында 108 орындық, Жайық ауылында 60 орындық;
  • Бәйтерек ауданының Жалын ауылында 54 орындық, Өркен ауылында 60 орындық, Жайық пен Садовое ауылдарында 108 орындық;
  • Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында 108 орындық;
  • Жәнібек ауданының Ақоба ауылында 108 орындық,
  • Казталов ауданының Саралжын ауылында 60 орындық,
  • Қаратөбе ауданының Соналы мен Ханкөл ауылдарында 60 орындық;
  • Теректі ауданы бойынша Абай, Магистральное, Пойма ауылдарында 108 орындық, Үлкен еңбек ауылында 60 орындық мектеп салынады.

2022 жылы Қаратөбе ауданындағы Шалғын ауылын су басқаны мәлім. Соның салдарынан ауылдағы білім ошағы жарамсыз болып қалды. Ескі ғимарат орнына Шалғын ауылында жергілікті төтенше жағдайлар резерві есебінен 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылысы жүргізілуде.

Жоба шеңберінде 108 орындық әр мектептің құрылысына – 1 миллиард, ал 54 және 60 орындық әр мектепті салуға – 800 миллион теңге шамасында қаражат жұмсалады. Құрылыс мерзімі – 7 ай.

Мектептер аумағында бір қабатты оқу корпусы және онымен жапсарлас оқу, спорт және акт залы бар ғимарат салынады. Құрылыс жобасы бойынша жалпы білім беру үдерісіне сай оқу нысандары қарастырылған. Мәселен, ғимаратта оқу залы бар кітапхана, ұлдарды металл және ағаш бұйымдарын жасауға баулитын оқу-өндірістік, қыздарды тоқыма өнеріне, пішуге, тігуге үйрететін шеберханалар, әдістемелік кабинеттер, мұғалімдер бөлмесі, әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерден тұратын директор кабинеті, асхана, акт залы болады. Медициналық пункте дәрігерлік кабинет, емдеу бөлмесі, психолог және логопед кабинеті орналасады. Мектеп ауласында ойын және спорт алаңдары, одан бөлек екі командаға арналған алаң салынады. Дене шынықтыру-спорт аймағында алғашқы әскери дайындыққа және шағын футболға арналған алаңдар, баскетбол, жүгіру жолдары болады.

Мектептер биылғы жыл соңына дейін салынады.

Ауыл-аймақта жаңа мектептердің ашылуы білім беру сапасына оң әсер етуімен қатар халықтың елді мекендерде тұрақтап қалуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз септігін тигізері сөзсіз.

Нұртай Алтайұлы


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: