Қалтасынан кастет табылған ШҚО тұрғыны 80 сағаттық жұмысқа тартылды

HDFOOTAGESTOCK.COM HDFOOTAGESTOCK.COM
46 жастағы азамат қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қалтасына кастет салып жүргені үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстандық 46 жастағы азамат қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тексеру кезінде азаматтан қорғасыннан құйылған кастет табылып, тәркіленген. Кастетті қорғасыннан құйып, өзі пайдалану үшін жасағандығы белгілі болды.

Өзімен бірге суық қару алып жүргені үшін сот оған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс тартып, үкім шығарған. Пробация қызметіне тіркеуге тұрып, ол қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті әкімшілікке жолданып, екі апта ішінде 60 сағат қоғамдық жұмысын өтеді, – деді облыстық департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз