Алматы облысында 101 мың адамға вакцина салынды

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
17 мыңнан астамы – медициналық мамандар, 25 мыңдайы – педагогтер.

Алматы облысында осы жылдың 20 сәуіріндегі мәлімет бойынша, инфекцияға қарсы вакцинаның І компонентін 101 477 адам салғызған, тағы 10 432 адам ІІ компонентін алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов айтты.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, вакцинаның І компонентін салдырғандардың 17 мыңнан астамы - медициналық мамандар, 25 мыңдайы - педагогтер, сол сияқты учаскелік полициялар, студенттер, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және т.б. бар.

ІІ компонентін 7298 медицина маманы, 2801 педагог, сол сияқты учаскелік полициялар, мемлекеттік қызметшілер және басқалар салдырды.

Е.Сыдымановтың айтуынша, өңірде вакцинадан кейінгі кері әсер мен асқынулар тіркелмеген.

Атап өтсек, Алматы облысында 239 егу пункті, 134 көшпелі бригада жұмыс істейді. Әр пункт 7 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз