Маңғыстау облысында жартасқа "Ұштаған" деп жазу қалдырған адамға 78 мың теңге айыппұл салынды

Жартас, жазу, Маңғыстау облысы, вандализм, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2025 18:57 Сурет: видеодан алынды
Теңіз жағалауындағы жартасқа жазу жазған Маңғыстау облысының тұрғынына 80 мың теңгеге жуық көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" басылымы Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, құқық қорғау органдары әлеуметтік желідегі видеоны назарға алғанын, соған сәйкес тексеру жүргізгенін хабарлайды.

"Жартасқа жазуды 2002 жылғы азамат қалдырғаны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы - "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі - 20 АЕК немесе 78 640 теңге", - делінген құзырлы орган хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желіде демалушы бір топ адамның теңіз жағасына қоқыс тастап кеткенін, онымен қоймай жартасқа қызыл бояумен "Ұштаған" деп жазу қалдырғанын айтқан әйел адамның видеосы пайда болған.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: