Жесір әйелді қыздарының көзінше зорлап, балтамен ұрған күдікті асылып өлді

22 Сәуір 2021, 08:45
Сурет: видеодан кадр

Атырауда махаббатқа мас болған күдікті жесір келіншектің басынан балтамен бірнеше мәрте ұрып, кейін өзі асылып өлді. Жантүршігерлік жағдайдың қалай болғанын тергеушілерге әйелдің кәмелетке толмаған қыздары айтып берген, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Анасын балталап жатқанын көзімен көрген балақайлар қазір психологтардың бақылауында. Абырой болғанда бас сүйегі сынып миына зақым келген 34 жастағы әйел аман қалды.

Еркін Ербөлеков, нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Кеше сағат 10:45-те қабылдау бөлімшесіне басынан жарақат алған 1987 жылғы әйел түсті. Ашық ми жарақатын алған. Бас сүйегі сынған. Мидың ауыр дәрежесі диагнозы қойылды. Қазір емделіп жатыр. Ота қажет етілмейді. Тұрақты түрде емдеделеді.

Өзіне қол жұмсаған күдікті келіншекті үйде қыздарының көзінше бір ай бойы зорлап келген. Қанды оқиға да үйінде болған. Жәбірленуші өзіне сырттай ғашық бір азаматтың тыным бермей жүргенін айтып бірнеше рет полицияға арыз жазған. Бірақ учаскелік полиция жалғызбасты әйелдің шағымына құлақ аспапты. Тергеушілер келіншекті ешқандай арыз-шағымым жоқ деген қолхат жазуға мәжбүрлеп, күдіктіні қорғаштаған. Енді осы оқиғадан кейін дер кезінде шара қолданбаған полицейлер тергеуге алынды.

Гүлназира Мұхтарова, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Атылаған дерекке қатысты ҚК 106-бабы, денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ҚК 371-бабы, жұмысына салғырттық бойынша іс жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?