"Димаштікі секілді" деген шаш үлгісі пайда болды

22 Сәуір 2021, 15:09
Сурет: видеодан алынды

Бизнес қауымдастық қазір не танымал, соны өз ісіне лайықтап жаратуға бейім. Мұны маркетингтік амал деп те атайды. Осы негізде болса керек, қазір Қытайда "Димаштікі секілді" деген шаш үлгісі пайда болыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның үстіне шаштараздар ұсынатын бұл қызмет түрі өте жоғары сұранысқа ие екен.

Мамандар Димаштың шаш үлгісін бұрын басқалардың да пайдаланғанын жасырмайды. Бірақ оның барлығы бірдей Димаш секілді атақты емес. Ал Димаштың стилисті Атаджан әншінің шаш үлгісі сәнді дегеннен гөрі қолайлы екенін баса айтады.

- Мұндай шаш үлгісін қию өте оңай. Адамдардың көбісі осы үлгіде шаш қидырады. Себебі күнделікті өмірге қолайлы. Ал шаштың пішініне келетін болсақ, оны әртүрлі қылып жатқызып беруге болады. Грандж, Бич Лук сынды стилдер бар. Мысалы ол үшін дымқыл шашқа мус жағып, теңіз тұзын қолданса болады. Сонда шаш көтеріліп, толқын құсап бұйраланады. Шаш майлы болмайды, - дейді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?