Атырауда автобус пен жүк көлігі жолға таласып, 8 адам зардап шекті

23 Сәуір 2021, 17:38
Сурет: Мой город

22 сәуір, бейсенбі күні кешке Теңіз-Сарықамыс тас жолында ПАЗ автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, 22 сәуірде сағат 19.39-да тас жолдың 157-ші шақырымында "СК НШТ" ЖШС-нің қызметтік автобусы өзін басып озбақ болған Камаз-ассенизатормен соқтығысқан. Жол апатына ұшыраған автобуста Құлсары қаласындағы "Прорва" кен орнындағы жұмыстан қайтып бара жатқан мердігер компанияның 11 қызметкері болған. Апат салдарынан автобус шұңқырға аударылып, адамдарға зақым келді. Автобустағы жолаушылар мен жүргізуші жедел жәрдем көлігімен медициналық ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысының полиция департаменті басылымға апат салдарынан 8 адам жарақат алғанын, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін, автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылғанын айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?