Алматы облысында жүргізушілер белдік тақпай, рөлде телефонмен сөйлеседі

видеодан кадр видеодан кадр
Жолда телефон қолданатын жүргізушілер де аз емес.

20-30 сәуір аралығында Алматы облысы аумағында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Шара басталған алғашқы жеті күнде полицейлер 12.6 мыңға жуық ереже бұзушылықты анықтады. Ең көп кездескені — қауіпсіздік белдігін тақпау, дейді kolesa.kz.

Әкімшілік кодекстің 593-бабы 2-тармағына сәйкес қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын сақтамағандардың атына 1 742 хаттама толтырылды. Жүргізушілерге мұндай тәртіпсіздігі үшін 5 АЕК айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, 10 АЕК төлейді.

Жолда телефон қолданатын жүргізушілер де аз болған жоқ. Жеті күнде мұндай ереже бұзу оқиғасының 1047-сі тіркелді. Үшінші орында — жаяу жүргіншіге жол бермеу. 216 жүргізуші осы талапты бұзғаны үшін айыпталды. Айта кетерлігі, бір аптада полицейлер жылдамдықты асырған 20 адамға ғана айыппұл салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз