Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 134 адам зардап шекті, 13-і опат болды

30 Сәуір 2021, 09:31
Сурет: ritmeurasia

Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, таңғы сағат 7: 50-дегі жағдай бойынша, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамды құрайды, деп хабарлайды zakon.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.

Бұл арада 13 адам қайтыс болғандығы нақтыланған.

Жарақат алған 25 адамды арнайы ұшақпен Баткеннен Бішкекке жеткізіп, қаладағы травматология және ортопедия ғылыми орталығы, ұлттық госпиталь және ұлттық хирургия орталықтарына орналастырды.

Екеуінің жағдайы ауыр, қалғандары орташа және салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланады.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, Тәжікстанның 31 тұрғыны жараланды (олардың арасында Исфара қаласының мэрі де бар).

Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан арасында қарулы қақтығыс тоқтатылған.

Кезекті шиеленісті оқиға 28 сәуірде тәжік тарапы Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы Головная су тарату пунктінің жанындағы электр бағанына бейнебақылау камераларын орнатуды бастағаннан кейін басталды. Жергілікті тұрғындар жабдықты алып тастауды талап етті. Өзара келіспеушіліктің арты төбелеске айналды: тараптар бір-біріне тас лақтыра бастайды. Содан кейін атыс басталады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?