18:32 30.04.2021

Ақша жината беретін басшы қарсы шыққан үш қазақты соттатып жіберді

видеодан кадр
5-6 адам жұмыстан қуылыпты.

"Арыстай азаматтарымыз әділдік іздейміз деп, сотталып кетті!" Түркістан тұрғындары осындай шағымын айтты. Теміржол саласында еңбек еткен жұмысшылар басшыларының жөн-жосықсыз ақша жинағанына қарсы шығамыз деп, қудалауға ұшырапты. Ақыры темір торға қамалып тынған. Енді әйелдері әділдік іздеп шырылдап жүр. Алайда, мекеме өкілдері бұл жайтқа істі болғандардың өздері кінәлі деп отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көпбалалы ана отағасы сотталғалы бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалғандарын айтады. Төрт баланың әкесі Талғат Ержігітов Түркістан локомотив пайдалану депосында 14 жыл жұмыс істеген. Тек басшысының орынбасары қит етсе, ақша жинауды әдетке айналдырған соң соған қарсы шығамын деп темір торға тоғытылған.

Бағила Ержігітова, Түркістан қаласының тұрғыны:

Еш дәлелсіз соттады. Қалалық соттың 9 ай жүйкемізге тиді енді. Өйткені, ұзақ сот отырысы, тым ұзақ болды 9 ай бойы. 5 ай тергеуде болды, 4 ай сот болды. Ұзақ болғаны жүйкемізге тигенімен соңы қуанытты. Ақтап шығарды. Ал, облыстық сот екі-ақ апта болды. 12 қаңтар мен 18 қаңтарда уже соттап жіберді. 12 қаңтарда сот болады деді, бір отырысы отмена болды. Екінші отырсты барып өздерінің тыңдады деген нәрсесі болды. Үшінші отырыста соттап жіберді. Болды. Тым жылдам болып кетті, бұл жерде жемқорлық бар ма деп ойлаймын менің ойым.

Талғат Ержігітовпен бірге, Маратбек Төребаев пен Бауыржан Сыздықов та 6 жылға бас босандығынан айырылған. Оларға мекеме басшысының орынбасары Мыңғали Аблаевтан қорқытып ақша талап еткен деген айып тағылған. Бірақ, сотталғандардың жұбайлары мұның шындыққа жанаспайтынын айтады. Керісінше Мыңғали Аблаев деподағы түрлі даулардан миым тыныш болсын деп, шындықты айтқан жұмысшыларға ақшаны өзі ұсынды, дейді.

Ұлжалғас Сатимова, Түркістан қаласының тұрғыны:

Негізі ойлаймын бұл үш жігіттің де ешқандай кінәсі жоқ. Әшейін торға түсірудің амалы. Өйтті-бүйтті торға түсіріп алды болды. Мен ойлаймын олардың ешқандай кінәсі жоқ. Олар тек ғана шындықты айтты, жақпады болды.

Сол кезде депоның түрмеге жабылған үш жұмысшымен бірге тағыда 55 адам бас көтерген екен. Қазіргі уақытта, олардың бірнешеуінің қызметі төмендетілсе, тіпті 5-6 адам жұмыстан қуылыпты.

Мақсат Жұматаев, Түркістан локомотив пайдалану депосының жұмысшысы:

Жаңағы 55 адам қалай наподение істеді шетінен құртып жатыр ғой. Отпускіге шығатын кезде, түскен кезде. Көп қой мәселе. Свет дейді, засчет дейді. Қит етсе ақша жинай бере ма? Ия!

Ал, жұмысшыларымен араздасқан Мыңғали Аблаев ешкімнен ақша жинамадым деп ақталып бағуда. Керісінше, сотталғандар бұның үстінен арыз жазып, зейнетке шыға алмай қаласың деп қоқан-лоққы көрсеттіпті. Сол шағымдарын қайтарып алу үшін ақша талап етті деп отыр.

Мыңғали Аблаев, Түркістан локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары:

Алдымен миллион сұрады, миллион алып жатқан кезде тағы да екі миллион сұрады. Сонымен үш миллион сұрады менен. Екінші мәрте миллионын алып жатқан кезде, дәл осы 1 километр жерде алды олар. Олар сізді қорқытты ма? Конечно қорқытты. Сіз бермесеңіз сол ақшаны біз тағы да қол қоямыз. КТЖ жазамыз. Телевидения шақырамыз сізді жұмыстан құртамыз. Болды сол.

Жәбірленуші тараптың бар үміті жоғарғы сотта. Ал егер, жоғарғы соттан қайыр болмаса, адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдарға дейін барамыз деп бекініп отыр.

zkadm
Главная Топ новости Zakon LIVE Все новости