Қазақ халқы Ескендірінен айырылып қалды

30 Сәуір 2021, 23:04
Сурет: ktk.kz

Әйгілі композитор әрі әнші Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қайғылы хабармен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook парақшасында бөлісті.

"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын" делінген жазбада.

22 сәуірде Ескендір Хасанғалиевтің COVID-19 диагнозымен жан сақтау бөліміне түскені туралы хабарланды.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Хасанғалиев - танымал қазақ композиторы, әнші (лирикалық баритон), Қазақ КСР-нің халық әртісі (1984). Қазақтың қазіргі әнінің негізін қалаушылардың бірі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?