Нұр-Сұлтанда мереке күндері жолаушы автобустары кестеге сай жұмыс істей ме

9 мамырда елорданың қалалық және қала маңындағы бағыттардың автобустары қатынамайды, өйткені дезинфекция жұмыстары жүргізілетін болады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда елорданың қалалық және қала маңындағы бағыттардың автобустары қатынамайды, өйткені дезинфекция жұмыстары жүргізілетін болады.
Қалған демалыстарда, атап айтқанда 7, 8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді, делінген хабарламада.
Айта кету керек, қоғамдық көліктерге бет пердесіз кіруге тыйым салынады.
Бөлісу
0
Толық оқу