Қазақстанда eGov.kz және бірқатар цифрлық сервис уақытша жұмыс істемейді

eGov.kz, Қазақстан, цифрлық сервистер, техникалық жұмыс , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 19:53 Сурет: gov4c.kz
17 мамырда eGov.kz, e-Otinish, e-license және басқа да мемлекеттік қызметтер порталдарында жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспардан тыс техникалық жүргізілетінін хабарлаймыз. Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 17 мамыр сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі", делінген eGov.kz хабарламасында.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

  • eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы ("Цифрлық құжаттар" сервисін қоса алғанда);
  • e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
  • ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы сервистері;
  • "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
  • Электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
"Осыған байланысты, барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз. Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз", делінеді хабарламада.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов 2025 жылы 6 мамырда Telegram мессенджерінде Қазақстан азаматтарының жеке деректерін еш қиындықсыз әрі су тегін жариялап жатқан боттың пайда болғанын мәлімдеді. Бұл келеңсіз жайтқа қатысты Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: