Қазақстанда мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді

ЦОН, центры обслуживания населения, egov, егов, цифровые документы, ЭЦП, электронная цифровая подпись, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 12:00 Фото: gov4c.kz
Қазақстанда мемлекеттік сервистер уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы 18 шілдеде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті ақпарат eGov.kz-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланған.

"Құрметті пайдаланушылар! Біз қызметтеріміз бен жобаларымызды сіздер үшін ыңғайлы әрі тиімді ету бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Осы жұмыстар аясында техникалық жұмыстар жүйелі түрде өткізіледі. Осыған байланысты 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалардың уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", – делінген хабарламада.

ҰАТ қазақстандықтарға қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін аяқтауды ұсынды.

"Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз және туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп мәлімдеді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: