Мемлекеттік органдардың сайттары іркіліспен жұмыс істеп тұр

Мемлекеттік органдардың сайттары іркіліспен жұмыс істеп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.12.2023 13:19 Сурет: pexels
Бүгін, 14 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік органдарының веб-сайттары үзіліспен жұмыс істеп тұр. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) Zakon.kz сайтына қалпына келтіру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік органдардың сайттарының жұмысындағы үзілістер сағат 10:00-ден кейін байқалды. Олар ашылмады немесе жүктелуіне өте ұзақ уақыт кетті. Жағдайға "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин түсініктеме берді.

"Қазір мемлекеттік органдардың gov.kz сайттарының қысқа мерзімді қолжетімсіздігі байқалады. "ҰАТ" АҚ командасы қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр. Сайттар жақын арада қолжеімді болады", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Ростислав Коняшкин "қолайсыздықтар үшін" кешірім сұрады.

2023 жылдың 27 қарашасында күндіз gov.kz платформасында ақау пайда болды. Мұның себебін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жаңартудан деп түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: