"Қайрат" сапынан бір футболшы кетеді

"Қайрат" сапынан бір футболшы кетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2026 13:40 Сурет: telegram/fc_kairat
Бүгін, 2026 жылғы 18 шілдеде "Қайрат" футбол клубы команда ойыншысы Себастьян Себальосқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аргентиналық жартылай қорғаушы алматылық клубтан кетеді.

"Рақмет, Себа! Аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос тараптардың өзара келісімі бойынша "Қайраттан" кетеді, – делінген клубтың баспасөз қызметі хабарламасында.

Себальос осы жылдың басында "сары-қаралар" сапын толықтырғаны нақтыланды.

"Себастьян "Қайрат" сапында барлығы 11 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді", – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

"Қайрат" ФК Себастьянға команда жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: