Алматыда Джей Лоның концерті өтетінін білген "Қайрат" футбол клубы аң-таң

Қайрат, футбол, Алматы, орталық стадион, Джей Ло, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2025 22:55 Сурет: Instagram/f.k.kairat
"Қайрат" футбол клубы Алматы қаласының Орталық стадионында әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің концертінінің өткізілуіне байланысты наразылық білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 мамырда әлемдік поп-жұлдыз Дженнифер Лопестің Қазақстанда екінші концерті Алматыда өтетіні туралы ақпарат жарияланды. Іле-шала "Қайрат" футбол клубы да Instagram-дағы парақшасында аталған жайтқа қатысты өз мәлімдемелерін жариялады.

"2025 жылы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты "Қайрат" ФК аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды", делінген хабарламада.

Сөйтсе, ҚР Чемпионаты премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне сәйкес, көрсетілген мерзімде  "Қайрат" ФК — "Жеңіс" ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда осы стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "Қайрат" ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалды. Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз", делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін Астанада ат спортынан әлемдік деңгейде бірнеше жарыс өткелі жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: