Жаңалықтар тізбегі
0

Теңізде жұмысшылар жалақы мәселесіне байланысты көтеріліске шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2021 19:01 видеодан алынды
Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге кірісіп жатыр.

Атырау облысында "Теңізшевройлдың" мердігері "Казстройсервис" мекемесінің жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріріп, митингке шықты, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қазір митинг болған жерде 50-ге жуық адам қалды, олармен әкімдік пен ТШО өкілдері сөйлесіп жатыр, қалған жұмысшылар тарап кетті. ТШО-ның жобасына біздің барлығы 511 қызметкер тартылған. Мәселе былай, жалақы жұмыс сағатының және нақты жұмыс істеген сағатқа сәйкес есептеледі - бұл формуланы ҚР Қаржы министрлігі бекіткен. Ставка айлар бойынша «секіріп» кетуі мүмкін, бірақ тұтас жылмен есептегенде еңбек шартында белгіленген жалақыға сәйкес келеді. Сонымен қатар, тамақтану және тұрмыс жағдайына қатысты шағымдар болды. Бірақ ТШО тұрақты түрде аудит жүргізеді, онда талап айтарлықтай жоғары және кез келген жағдайда біз қызметкерлердің шағымы мен талаптарын орындауға тырысамыз. Бұған дейін шағым болған жоқ, - деп хабарлады компания басшылығы.

ТШО-ның өзінде былай деп хабарлады: "Компанияға "KazStroyService" қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері жалақыны есептеуге қатысты алаңдаушылық білдіргені белгілі. ТШО жағдайды мұқият қадағалап отыр. Мердігер компанияның басшылығы туындаған мәселені шешуге кірісіп жатыр. Бұл қосалқы мердігер ұйымның ішкі мәселесі болғандықтан, барлық сұрақтарды осы компанияның басшылығына жолдағаныңыз жөн".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: