Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында кеншілер ереуілді доғарып, жұмысқа шықты

Ұлытау облысындағы кеншілер, ереуіл , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 20:08 Сурет: kazakhmys.kz
Бүгін "Қазақмыс" басшылығының өкілдері жұмысты доғара тұруды жариялаған мердігер ұйымдардың қызметкерлерімен және кеншілермен арада туындаған мәселелерді шешу үшін шахтаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара келісімге келді.

"Қызметкерлердің алға тартқан талабының бір бөлігі сол жерде келісіліп, шешілді. Көтерілген мәселелердің екінші бөлігін орындау заңнамалық өзгерістерге қатысты, осыған байланысты оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет. Оны жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын арнайы құрылған бастамашыл топ пысықтайтын болады", делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.

Келіссөздер қорытындысы бойынша кәсіпорында жұмыс қайта жанданды. Ереуілге қатысушыларға қандай да бір тәртіптік жаза қарастырылмайтыны да нақтыланады.

14 тамызда бірқатар БАҚ-та Ұлытау облысындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-ның 100-ге жуық кеншісі еңбек жағдайларын жақсартуды, жабдықтарды жаңартуды, сыйлықақы төлеуді және медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды талап етіп, ереуілге шыққаны туралы ақпарат пайда болды. Жалпы ереуілдеушілер 15 талапты алға тартты. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: