Вакциналау төлқұжатын 15 мың теңгеден сатқан. Дәрігерлер түсініктеме берді

11 Мамыр 2021, 19:43
Сурет: zakon.kz

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы No4 емханада вакциналау төлқұжаты сатылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құны 15 мың теңгеден делінеді.

Жазба авторы "денсаулық сақтау қызметкерлері, оның ішінде бас дәрігерлер тарапынан жасалған жалғандық, немқұрайлылық, бақылаудың жеткіліксіздігі деңгейіндегі мұндай фактілер жаппай вакциналау процесінің құнын жоғалтады, мұндайда стратегиялық ауытқушылыққа әкеліп соғатын дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары, медициналық мақсаттағы заттарды сатып алуды жоспарлауға қатысты бөліктің статистикасында қателер анықталады, ал бұл дегеніңіз қазірдің өзінде саяси мәселе " деп санайды.

Жазба авторы No4 қалалық клиникалық емханасының бас дәрігері осы факті анықталғаннан кейін өз еркімен жұмыстан кеткенін де нақтылайды.

Емхана әкімшілігі бұл жағдайға былай түсініктеме берді:

Алматы қаласының No4 емханасының медицина қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты, негізінен, "өтірік вакциналау" фактілерін анықтау тұрғысындағы материалдар тиісті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді, - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?