Әселді өлтірді деген күдіктінің адвокаты: Қызды Бесо емес, жездесі - Мұрат зорлаған

LiveAbout, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 15:54 LiveAbout
Ол жас қыздың Бесиктің үйіне өз қалауымен көшіп келгенін, екеуі үйленбек болғанын мәлімдеді.

Әсел Айтпаеваны зорлады және өлтірді деп айыпталған Бесик Тордуаның адвокаты марқұм мен айыпталушының некелесуді жоспарлағандарын, сондықтан бұл арада зорлық-зомбылық болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Sputnik Грузия хабарлағандай, адвокат Лаша Шукакидзе Тордуа мен Айтпаева арасында ешқандай дүрдараздық болмағанын айғақтайтын куәгерлердің сөзін алға тартты.

Бұл айып - абсурд, менің клиентім марқұммен жақсы қарым-қатынаста болған, тіпті оған үйленбекші болған. Олардың бірге болғысы келетіндігін және олардың қарым-қатынасында зорлық-зомбылықтың болмағаны туралы дәлелдер бар. Айыптаушы тараптың Бесоға қарсы дәлелдері жоқ. Олардың тиек ететін жалғыз нәрсесі - аудио хабарлама. Бірақ оның түпнұсқасын тыңдасаңыз, Бесоның жайбарақат сөйлегенін аңғаруға болады. Оның сөйлеу мәнерінде күштеу белгілері жоқ, - деді адвокат Лаша Шукакидзе.

Сонымен бірге ол жас қыздың Бесиктің үйіне өз қалауымен көшіп келгенін де мәлімдеді.

Қыз өзі өтінген, өз еркімен көшіп келген. Әпкесінің күйеуі Мұрат оны екі күн бойы зорлаған. Онда да бұл туралы қыз Бесоға бірге дүкен аралағанда 30-да айтқан. Руставиге қайтып келе жатқанда Бесо оған "коменданттық сағаттың" салдарынан Тбилисиге орала алмайтынын, Руставиде қалатынын айтады. Сол кезде Әсел де үйіне қайтқысы келмейтінін, өзін Мұраттың зорлағанын айтқан, - дейді адвокат Лаша Шукакидзе.

Осыдан кейін Тордуа Әселге Тбилисиде қасында болуды немесе Руставидегі пәтеріне көшіп келуді ұсынады. Сонымен қатар, Бесо оған жалдамалы пәтер тауып беруге көмектегін ұсынды, деп сендіреді Лаша Шукакидзе. Осыдан кейін қыз онымен қалуды жөн көрген. Қызға қатысты зорлық-зомбылық болғанын білгеннен кейін Тордуа қылмыскерді полицияға тапсырғысы келгенін, ал қыз полиция бөліміне барғысы келмегенін айтады. Тордуа Мұратты ұрып, оны елден кетуге мәжбүр етті.

Мен өзім оған Қазақстанға билет сатып алып, оны әуежайға апардым, -дейді адвокат Лаша Шукакидзе

Бұдан әрі адвокат Әселдің психологиялық проблемалары болғанын, тіпті өзіне-өзі қол жұмсауға бейім болғанын айтады - бұған оның білегіндегі өз-өзіне зиян келтіру іздері дәлел.

Бесик Тордуаның қорғаушысы бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымдануды және оны кепілмен босатуды талап етуді жоспарлап отыр.

57 жастағы Тордуа 8-10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2021 15:54

6 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Айна туысының қайтыс болуы туралы өз болжамын жариялады. Оның айтуынша, алыс туыстары Әселге Грузияға баруды ұсынған. Содан кейін туысының күйеуі оны зорлап, содан кейін оны жергілікті кәсіпкерге сатқан. Осыдан кейін қызды не өлтірді, не ол қорлыққа төтеп бере алмай биіктен секірген болуы мүмкін.

7 мамырда ҚР Сыртқы істер министрлігі Әсел Айтпаеваның қайтыс болуына байланысты түсініктеме берді. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды деп хабарланды.

Грузияның Бас прокуратурасы ұсталған адамға зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелеу ісі бойынша айып тағып отыр.

Тергеу ісі жалғасуда.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: