Алматыда қаскөй мүгедек қызды бес сағат бойына азаптап, зорлаған
Алматыда үшінші топтағы мүгедек қыз зорланды, деп хабарлайды zakon.kz.
#НеМолчи қозғалысының парақшасында бұл оқиға Алматыда 29 қарашада болғаны, қызды көршісі зорлағаны жазылған.
- Бұл жағдай күндіз болған, қыз сағат 12.00 шамасында үйден шыққанда көршінің қолына түседі, одан тек кешкі 8-де қашып құтылған. Ол талдырмаш қызды үйінің гаражына сүйреп апарып, сол арада 5 сағаттан астам уақыт азаптап-қорлап, зорлаған. Оның бәрін бүге-шегесінге дейін айтып жатпаймын, бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-тармағы, 121-бабы, 2-тармағы бойынша бағаланды, яғни бұл аса қатыгездікпен жасалған зорлық-зомбылық дегенді білдіреді. Азаптау кезінде ол қызды ұрып-соғып, әбден тепкіге жығып, өлтіремін деп қорқытқан.
Оған қоса, ол қыздың көзінше сол арада дайындаған есірткіні ішуге мәжбүрлеген. Ол есірткіні отпен дайындап, үнді мантрасын оқып, қандай да бір рәсімді өткізген. Қыз қарсыласа да, үнін де шығара алмаған, ал тырп етсе, ол оны ұрып-соғып, тұншықтыра берген. Гараж тас жолдың бойында орналасқан әрі ол өте шулы жер. Тіпті егер сол уақытта автотұрақтың жанында біреу тұрса да, ол жолдағы шудан ештеңе естімес еді, - делінген жазбада.
Күдіктінің қызға телефонынан өзі азаптап, өлтірдім деген басқа қыздардың суреттерін көрсеткен. Ол қызға өзін тыңдамаса көлік жөндеуге арналған шұңқырға көміп тастайтынын айтқан.
- Қыз, Құдай сақтап, әрең дегенде аман қалды, ол оған кофе ішуді ұсынып, қолынан жетектеп, қызы тұратын көрші үйге сүйреп апармақ болған. Осы кезде қыз жұлқынып, үйіне қарай тұра жүгірген. Жүгіріп келіп анасының құшағына кірген, үйдегілер дереу полицияға қоңырау шалған. Күдікті дереу қамауға алынды, барлық қажетті сараптамалар жүргізілді. Іс ҚР ІІМ басшылығы мен қалалық прокуратураның бақылауында. Тергеу амалдары жүргізілуде, - деп жазылған #НеМолчи қозғалысының парақшасында.
Күдіктінің қызы мен жәбірленуші оған өлім жазасын сұрайды.
Алматы қалалық тергеу соты күдікті 1966 жылы туылған адамды қамауға алу туралы шешім шығарды.