Жаңалықтар тізбегі
0

"Үнсіз жылай береді...". Алматыда 12 жасар қызды шешесінің көңілдесі зорлаған

grifoninfo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2019 16:00 grifoninfo.ru
Қыздың анасы жантүршігерлік жайтты екі күннен соң естіген. Бірақ ол полицияға бірден хабар бермей, істің мән-жайын өзі анықтауға тырысқан.

Алматыда 12 жасар қызды шешесінің көңілдесі зорлап, "бұл жайтты ешкімге айтпа, әйтпесе анаңды өлтіремін" деп қорқытқан, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty телеарнасына сілтеме жасап.

Ал, қыздың анасы жантүршігерлік жайтты екі күннен соң естіген. Бірақ ол полицияға бірден хабар бермей, істің мән-жайын өзі анықтауға тырысқан.

"12 жастағы өрімдей қыз басынан өткен жантүршігерлік жайттан әбден қорқып қалған. Бөтен адамдардан бет-жүзін жасырып, қойылған сұрақтарға құлықсыз жауап береді. Сол күнгі сұмдық есіне түссе, жаны қиналып жанары жасқа толады",- дейді телеарна тілшісі.

Жаға ұстатар жағдай биыл наурыз айының аяғында болған. Қаршадай қызды туған анасы өзінің 4 жыл бойы кездесіп жүрген 60-тағы еркекке ақшаға жұмсапты. Мұндай оңтайлы сәтті пайдаланған азғын өрімдей қызды әуелі көлік жуатын жерде күтіп алып, жақын маңдағы қонақүйге қорқытып апарып ойына келгенін істеген.

- Мені қонақ үйге апарып, тиісті. Киімімді шешті, төсекке жатқызды. "Тыныш жат, дымыңды шығарма. Егер айтсаң, анаң мен апаңды өлтіріп кетемін, менен басқа ешкімі жоқ" деді ол маған, – дейді өміріне балта шабылған қыз.

Жақындарының өмірі үшін қорыққан қыз, қорлық көргені туралы ешкімге тіс жармайды. Тек екі күннен соң анасына болған жайтты баяндаған. Келіншек өзіне қамқор болып, ара-тұра ақша беріп жүрген азаматынан мұндай опасыздықты күтпейді. Сондықтан қызының сөзіне күмәнданып, одан жауап алуға талпыныпты. Ал педофил өзіне шаң жуытпай, "сүттен ақ, судан тазамын" деп ақталған. Ғашығының айтқанына иланып, ел-жұрттың сөзінен сескенген әйел осылайша үнсіз қалады.

"Туған-туысқаннан ұялдым. Солайша ұялғаннан қызымды гинекологқа да апармадым. Енді міне арада 5 ай өткен соң ғана туыстарыма айттым", – деді анасы Маржан.

Бес айдан бері ешкімге жақ ашпаған келіншек, ары тапталған қызына араша сұрап адвокатқа жүгініпті. Бұл сұмдықты естіген қорғаушының да төбе шашы тік тұрып, тегін көмек көрсетуге келіскен. Олар күні кеше полицияға арыз жазып, қызды сараптамалық тексерістен өткізіпті.

"Алдын-ала сарапшының қорытындысы бойынша, қыз шындықты айтқан. "Мені зорланды" деген сөзі шын мәнінде рас болып шықты", – дейді қорғаушысы Кәмшат Есмұхамбетқызы.

Бұл деректі қалалық полиция департаменті де растап отыр. Жәбір көрген жасөспірім болған жайтты бүге-шігесіне дейін жеткізген соң, тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына барып сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кеткен.

"Тергеушілер бірыңғай реестрде бұл деректі тіркеп, арыздарын қабылдап қылмыстық істі қозғады. Дәл сол күні сот-медициналық сараптама тағайындалып, басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізілді. Сұрақ-жауап алу процедурасы және басқа тергеу әрекеттері жүргізілген болатын. Барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін бұл іс бойынша процессуалдық шешім қабылданантын болады", – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдікті әзірге бостандықта жүр.

Оқи отырыңыз: "Екі күн зорлады...". Ота жасап, әйел болып алған қазақстандық шындық іздеп шырылдауда

Тағы да: 19 жасар бозбала бір жарым жасар жиенін зорлады

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: