Алматы облысында әскери міндетін өтеп жатқан сарбаз қашып кетті
zakon.kz/Золотухин
Екі күннен кейін ол ұсталды.
Алматы облысында әскери бөлімнен әскери міндетін өтеп жатқан сарбаз қашып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Екі күннен кейін ол ұсталды.
14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданынан әскерге шақырылған №5574 әскери бөлімінің (Алматы облысы Заречный кенті) қатардағы сарбазы Дархан Мырзабаев өз еркімен белгісіз бағытқа кетіп қалған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Әскери бөлімнің жеке құрамы сарбазды іздеуді ұйымдастырды.
Мырзабаев 16 мамырға қараған түні Сарыөзек станциясында ұсталды. Жауынгердің айтуынша, әскери бөлімнен кетуге отбасына деген сағынышы себеп болған. Қазір қашқын сарбаз әскери бөлімге жеткізілді, деп атап өтті құзырлы ведомства.
Қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript