Жаңалықтар тізбегі
0

Желіде өзгеге өлім тілейтін жаңа тренд шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 18:50 видеодан кадр
Елде әлі қатты белең алмағанымен, көрші Ресейде кеңінен тарап үлгерген.

Енді атақ үшін тірі жанды о дүниеге аттандыру тренд. Желіде лүпіл мен қаралым санының соңынан қуған жастар енді өзгеге өлім тілеп, ел-жұртты шошытып әлек. Әсіресе, әнші, вайнер, блогер я қоғамға белгілі басқа да танымал тұлғаларды алып, оларды марқұмдардың санатына қосу арқылы хайп қуғандар көбейген. Сонда қаралы хабарды жария қылып, қалың көпшілікті дүрліктірген кімдер?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Әншіге кімнің көзі түсу керектігін қайдам, бірақ әлдекімнің сөзі ұнамай қалғаны анық. Апта басында желіні шарлаған осы бір қаралы хабар Еркенің есін шығарып, тыңдармандарын әбден шошытқан тәрізді. Өнер иесі өзгенің мұндай әзіліне дереу жауап қатты.

"Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болу мен адам болуды шатастырыпсыздар!".

Дегенмен жалған сөйлеп, желіде жаман хабар таратқандар табылмаса да, анығы әншінің өзі аман. Бұл ретте Ерке хайп қуған тентектерге ешқандай шара қабылдамаймын деп шешкен екен.

Ал бұл аға-буын өкілдері үшін алыс болса да, үйдегі ұл-қыздарға таныс тұлға. Былай айтқанда, жастар арасында белгілі блогер. Есімі – Азамат. "Атың шықпаса, жер өртенің" қамымен жүрген кей оқырмандары оны да марқұмдардың қатарына қосыпты. Дегенмен, блогердің өзі бұған саспады, әзілқойға жауап беруден де қашпады.

Сөйтсе, бұл тик-ток желісінде тараған тренттің жаңа түрі көрінеді. Елде әлі қатты белең алмағанымен, көрші Ресейде кеңінен тарап үлгерген. Үлкендерің емес, балалардың шығарғаны екен.

Әсем Тұрдыбек, блогер:

Оны барлығын жасайтын кішкентай балалар ғой. Яғни, атақ жинағысы келетіндер, подписчигі аз, аудитория жинағысы келетіндер. Сондықтан олар солай біреу өлді деп хайп ұстау арқылы, аудитория жинағысы келген түрі деп ойлаймын.

Дегенмен, үйдегі ұл-қыздар атақтың қамы, я хайп қуудың амалымен жүріп, ақыры темір торға қамалып кетпесе болғаны. Заңгерлер жалған ақпарат таратқандарға жаза қатал деп ескертіп отыр.

Ботагөз Алпысбаева, заңгер:

Қылмыстық кодекске сәйкес, 3000 АЕК көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеу және сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қаралған.


Әсем Тұрдыбек, блогер:

Өкінішке қарай, кішкентай бүлдіршіндеріміз ондай жауапкершілік дейді ғой судебное разбирательство деген дүниелермен таныс болмағандықтан, ата-аналары да көрмейді ғой балаларының сондай әлем желіде не істеп жатқанын сондықтан осындай әрекетке білмегеннен барып жатыр деп ойлаймын.

Дегенмен осыған дейін де халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Төреғали Төрәліге қатысты да мұндай дақпырт әңгімелер тараған еді. Кейін ұлы дала баласы бұған "ұлы дала ұлымын, ағайын мен тірімін" деп жауап қатқаны әлі есте.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: