Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 23:23 Ақтөбе облыстық ПД
Апат салдарынан Nissan Primera жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

25 мамырда таңертеңгі сағат 06: 00-де "Самара-Шымкент" тас жолының 909 шақырымында, Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Самара-Шымкент тас жолында Nissan Primera автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Қырғызстан азаматы тізгіндеген Mercedes-Benz жүк көлігімен соқтығысқан., - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Апат салдарынан Nissan Primera жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 23:23

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: