Самара-Шымкент тас жолында жол апаты орын алып, екі адам қаза тапты
![Ақтөбе облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2021 23:28](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-36f6d0fe-9a34-41bf-b9c0-a5626c23766f/800x452.webp)
Апат салдарынан "Ваз-210" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, Газ-31105 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық облыстық ауруханасына жатқызылды.
Самара - Шымкент тас жолында болған апаттан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.
13 қыркүйекте "Самара-Шымкент" тас жолының 798шақырымында кісі өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды.
Хромтаудан Ақтөбе бағытында келе жатқан "Ваз-2109" автокөлігінің жүргізушісі Самара - Шымкент тас жолының 798 шақырымында - Ақжар ауылы маңында жол қозғалысы ережесін бұза отырып, яғни жолдың қарсы бағыттағы қозғалысқа кедергі келтірмейтініне сенімсіз болса да алдындағы көлікті басып озу кезінде Газ -31105 автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД қызметі.
Апат салдарынан "Ваз-210" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, Газ-31105 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық облыстық ауруханасына жатқызылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript