Қазақсанда заңсыз қоқыс орындары көбейді

3 Маусым 2021, 12:39
Сурет: inform.kz

Қалалардағы ауаның жоғары деңгейде ластануы, ҚТҚ полигондарының нашар жағдайы және жайылым жерлерінің тозып кетуі. Сенатор Әбдәлі Нұралиев өзінің депутаттық сауалында осы және басқа да экологиялық өткір проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта еліміздегі бар 3 мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Бұл полигондардың 82%-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сай келмейді. "Қазақстан ғарыш Сапары" компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде елімізде жылдар бойы заңсыз қоқыс орындарының көбеюі анықталып, оларды жою шаралары толық шешімін таппай отыр, - деді Әбдәлі Нұралиев.

Сонымен қатар, ол мәселені көрсетіп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын айтты. Сенатор атап айтқанда мектептерге экологиялық тәрбиені қарқынды түрде енгізуді, ауаның тазалығына арналған арнайы заң жобасы мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?