Lada көліктері үшін Еуропа жолды жапты

Drom.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2019 17:33 Drom.ru
Экологиялық нормаларға қойылатын шарттардың қатаңдауы марканы нарықтан кетуге мәжбүр етті.

Германиялық БАҚ өкілдерінің айтуынша, АВТОВАЗ Еуропа нарығына жаңа автокөліктер жеткізуді тоқтатуды ұйғарыпты. Мұндай шешімге өткен күзде Euro 6d-TEMP стандартының қабылдануы себеп болған, деп жазады kolesa.kz.

Көлік қозғалтқышын аталған стандартқа сай түрлендіру көп қаржыны талап етеді, компанияның есебінше, сатылым деңгейі аса жоғары болмағандықтан, кететін шығын ақталмайды екен.

Lada-ның Германия мен Австрия нарығынан кететіні айдан анық. Сәуір айының ортасынан бастап бұл елдерге тауар жеткізілмейді. Ал дилерлер қалған көліктерді сатады.

Венгрия, Болгария, Литва елдеріндегі Lada-ның тағдыры әзірше белгісіз. Дегенмен, бұл уақыт еншісінде.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: