Австралия астанасын кенгурулар «басып алды»
Австралияның астанасы Канберра қаласында кенгурулардың жаппай шоғырлануы байқалып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.
Азықтың тапшылығы салдарынан жануарлар өздерінің қалыпты тіршілік ортасын қалдырып кетуге мәжбүр болған. Олар үйдің артқы ауласындағы шалғын шөпке, спорт алаңдары мен көк қалың өскен жол бойына қызығып, осы аумақтарда кеңінен жайылып жүр.
Парктер және қоршаған ортаны қорғау қызметінің директоры Даниэль Иглесиас қала тұрғындарына ымырт пен ерте таң уақытында абайлап жүру керектігі жөнінде ескертті. Дәл осы уақытта кенгурулар азық іздейтін болғандықтан, жануарлардың көлік астына түсу қаупі де жоғары.
Жалпы, кенгурулар әлеуметтік жануарлар болып табылатындықтан, әдетте, олар топтасып жүреді. Иглесиас кенгурулардың жақын тобы қайда орналасқанын біліп, оларды тамақтандыруға тырыспай, жануарлардан алшақ жүруге шақырды.