Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда белгісіз біреулер блогерді сабап кетті

Facebook, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 21:01 Facebook
Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.

Алматыда блогер Валерий Кудрявцев соққыға жығылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзін сабап кеткені туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, сурет жүктеді.

Малдар. Тәртіп болмайынша, біз қалыпты өмір сүре алмаймыз. Олар мені сабап, тонап кетті.... Тура театрдың алдында! - деп жазды ол Facebook-те суретін жүктей отырып.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2021 21:01


Алматы қалалық полициясы департаменті бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы, "Қарақшылық" бойынша тіркелгенін және оқиғаның орын алған жеріне қатысты Алмалы аудандық ПБ тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Тергеу-жедел тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушылардың жеке басын анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені қолға алынды. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларындағы деректерді жедел уәкілдер мұқият зерттейтіндігін хабарлаймыз, - деп түсіндірді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Кудрявцев және басқа блогерлер тобы белгілі бір жағдайларға шағымданатын әртүрлі кейіпкерлерді видеоға түсіріп, насихаттайды. Олар Қазақстанның қалаларын аралап, ондағы проблемаларды көрсетеді. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарының назары оның Алматы қаласының бас дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларын сынаған видеоларына ауған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: