Елжан Біртановты үй қамағына алу мерзімі тағы да ұзартылды
Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауына алу мерзімін тағы да ұзартты, деп хабарлайды zakon.kz.
Бір күн бұрын, 8 маусымда, Нұр-Сұлтан сотында Біртановты үй қамағына алу мерзімін ұзарту мәселесі қаралған отырыс өтті. Прокурор Төлеген Жараспаев үй қамағын 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартуды сұрады. Оның айтуынша, тергеу әрекеттерін аяқтау үшін әлі де уақыт қажет.
Сондай-ақ, Жараспаев Біртановтың үйден шығуына, отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен байланысқа түсуіне, телефонмен сөйлесуіне тыйым салынуы керек деп мәлімдеді, өйткені ол үй қамау шарттарын бұзған көрінеді.
Экс-министрдің адвокаттары өтінішті қанағаттандырмауды және Елжана Біртановтың бұлтартпау шарасының күшін жоюды сұрады. Судья Ақмарал Исаева тараптарды тыңдап болған соң кеңесу бөлмесіне кетті.
Бүгін, 9 маусымда сот қаулысын жариялады. Судья бұлтартпау шарасының күшін жоюға негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Сот Елжан Біртановқа қатысты 14 маусым мен 14 шілде аралығында есептелетін бұлтартпау шарасының мерзімін 9 айға дейін ұзарту туралы шешім шығарды, - деді судья.
Исаева сот тергеу органының үйден шығуға тыйым салу, отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен сөйлесуге тыйым салу туралы дәлелдерін негізсіз деп санайтынын да айта кетті.
Елжан Біртановтың бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікпен ұсталғаны 2020 жылдың 3 қарашасында белгілі болды. 7 қарашада экс-министр үй қамағына алынды.
6 мамырда Елжан Біртановтың үй қамауында ұсталуы алтыншы рет 14 маусымға дейін ұзартылды.
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Қызметтен кету туралы өтінішке ол пневмониясының асқынуына байланысты қол қойды.