Қазіргі қазақ отбасылары айына 150 мың теңгеге өмір сүруде

365info.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 17:03 365info.kz
Респонденттердің көпшілігі өздерінің қаржылық жағдайының өзгеріссіз қалғанын айтты.

Қазақстандық отбасының табысы орта есеппен 100-150 мың теңгені құрайды. Мұндай деректер Ұлттық банктің инфляциялық күтулер бойынша жаңа сауалнамасында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, мамыр айында респонденттердің 76%-ы ақшалай табыс көзі болып жалақы, 34%-мемлекеттік жәрдемақы, зейнетақы және стипендия, 9%-алимент және туыстарының көмегі екенін айтты.

Респонденттердің 26%-ы мамыр айында отбасының орташа айлық табысы 100 мың-150 мың теңгені құрағанын мәлімдеді. Сұралғандардың 24%-ы – 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін, 17%-ы – 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін деп көрсеткен. Қазақстандық отбасылардың 11%-ы табысы 40-70 мың теңге және 300 мың теңгеден астам шамада өзгерді, 8%-ы сұраққа жауап бере алмады, ал 3%-ы отбасының табысы 40 мың теңгеден аз болды, – деп хабарлады Ұлттық банкте.

Респонденттердің көпшілігі (51%) олардың отбасының материалдық жағдайы өзгеріссіз қалғанын жеткiздi. Ал 36% жақында жақсаратынына сенім бiлдiрдi.

Сондай-ақ, сұралғандардың тек 20%-ы жинақ ақшаға ие. 67% – қаражатты банктерде депозитте сақтайды, 20% – қолма-қол нысанда, 12%-ы жылжымайтын мүлікке, 3%-ы бағалы қағаздарға және 1%-ы өз ісіне инвестициялаған. Негізінен ақша теңгемен және доллармен сақтаулы.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың көпшілігі (17%) 100 мың теңгеге дейінгі соманы жинақ деп атайды. 13% – 500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейінгі соманы, 11% – 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі соманы және 1% – 20 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейінгі соманы атады, – деп түйіндеді сауалнамада.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: