6 баланың анасы "Күміс алқасын" ала алмай жүр.

10 Маусым 2021, 11:12
Сурет: видеодан кадр

Алматы облысында 6 баланың анасы өзіне тиесілі "Күміс алқасын" ала алмай жүр. Ескелді ауданының тұрғыны Гүлнәр Тұралбаева мемлекеттік наградаға былтыр өтініш бергенін айтады. Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де тиісті органдардан ешқандай жауап болмаған. "Әкімдікке барсам, "күтіңіз" деген құрғақ уәдемен шығарып салады", дейді 41 жастағы келіншек. Сондықтан, амалсыз журналистердің көмегіне жүгінуге тура келгенін айтады. Өйткені, уақытылы әрекет қылмаса, талай жеңілдіктен қағылып отырған көрінеді, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Гүлнәр Тұралбаева, көпбалалы ана:

Уже балам ендігі айда екі жасқа толады. Маған тиесілі "Күміс алқаны" бермей отыр. Мен нешетүрлі жеңілдіктерден мысалы қағылып отырмын. Налог сондай-мындайларды төлемеуім керек еді, одан мен бір жыл бойы қағылып отырмын. Жарайды, налогы бар болсын, жеңілдігі бар болсын, Маған бір жылғы өзімнің 200 мыңдай ақшамнан қағылып отырмын мен.

Мәселенің мән-жайын түсіндірген жергілікті әкімдіктегілер Гүлнар Тұралбаеваның өтінішін өткен жылдың тамызында қабылдап алғандарын айтады. Барлығын тексеріп, ары қарай тиісті органдарға жолдаған екен. Кейін Президент әкімшілігінен құжаттар қайта тексеру мақсатында кері қайтарылыпты.

Маржан Манарқызы, Ескелді ауданы әкімі аппаратының бас маманы:

24 желтоқсан күні Президент аппаратадан қайтып келді құжаттар. Яғни, 3-ші баланың туу туралы куәлігі базадан дұрыс шықпаған ЗАГС-тен. Содан кейін біз қайтадан 14 январь күні қайтадан құжаттарын өткізіп жібердік. 2 маусым күні Президенттің 588 Қаулысымен награждения болды. Қалай Президент аппаратадан келеді алқасы, біз сразу береміз ол кісіге.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?