Жаңалықтар тізбегі
0

23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 21:12 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облыстық нөмірі 1-ші перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева енді 6 баланың анасы. Тұңғышын 18 жасында босанған жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Ана мен бала өміріне қауіп төндірмес үшін дәрігерлер әйелді кесар тілігі арқылы босандырған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде. Көп балалы ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

Сәбилердің салмағы 2170 грамм, 2100 және 2615 грамм. Отбасымен ақылдаса келе нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген. Жас отбасының 1 ұл, 2 қызы бар.

Жалпы, Түркістан облыстық нөмірі 1-ші перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, аймақта туу көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері өңірде 45030 сәби туған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2020 21:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: