Түркістан облысында тағы үшем сәби дүниеге келді

Демография, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 21:52 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының № 3 облыстық перинаталдық орталығында үшем сәби дүниеге келді. Бұл - осы аптада жарық дүние есігін ашқан екінші үшем, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ұл, екі қыз балаға Мерей, Мансұр, Мейірім есімдері берілді.


"Нәрестелердің салмағы 2900, 2420 және 2500 грамм болды. Дәрігерлердің бақылауындағы балалардың жағдайы жақсы. Үшем бір отбасына ғана емес, бүкіл өңірге қуаныш сыйлап отыр. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге денсаулық пен ұзақ өмір тілеп, үйлеріне шығарып салды", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: