Атырауда алып сәби дүниеге келді

бала, сәби, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 18:37 Сурет: unsplash
Атырауда облыстық перинаталдық орталықта алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы Zakon.kz-ке Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ұл бала салмағы 5700 грамм, бойы 64 сантиметр болып дүниеге келген.

"Ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Бұл сәби - отбасындағы төртінші бала. Баланың салмағы үлкен болғандықтан дәрігерлер кесарь тілігін жасауды ұйғарды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау орталығынан.

Ведомство дүниеге келген нәресте биыл облыстағы тұңғыш алып ұл екенін атап өтті.

Медицина стандарттарына сай, ұрықтың салмағы 4 келіден асса үлкен, ал салмағы 5 келіден асса, алып саналады.

Бұған дейін Алматыда салмағы 5,1 келі қыз баланың дүниеге келгені хабарланған еді. Сәби 1 қарашада №4 қалалық перзентханада дүниеге келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: