Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда үшем дүниеге келді

Сүйінші хабар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 23:18 Сурет: Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында Жалпақ төбе ауылынан Абдуллаевтар отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасы тірегі - Алинур Абдуллаев супервайзер, анасы - Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Жұбайымен бірге олар екі қыз тәрбиелеп отыр: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүктілік отбасы үшін тосын сыйларға толы болды, үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшемге жүкті болды.

Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980,0, 2120,0 және 2020,0 грамм болды. Оларға әдемі есімдер берілді: Айлин, Әлия және Элиф. Туылғаннан кейін шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім ұйымдастырылуда. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қазір балалар анасымен бірге.

Жас келіншекке емшек сүтімен емізу, салмағы аз нәрестелерге күтім жасау, сондай-ақ қауіпті белгілердіің алдын-алу мен онымен жұмыс бойынша кеңестер берілуде, делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: