Түркістан облысында дүниеге келген үшем перзентханадан шықты
Сурет: Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында мерзімінен бұрын туылған үшем бүгін перзентханадан үйге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Түркістан облысының №3 перинаталдық орталығында түркістандық 33 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелгенін сүйіншілеген едік. Набат Садыкбекова мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан, үш ұлды отаның көмегімен дүниеге әкелді.
Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мухамед-Али есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 1850 гр, 1490 гр, 1550 гр.
Мерзімінен бұрын туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған еді. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақталып, үйге шықты.
Бүгін батыр ананы Түркістан қаласы әкімдігі құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

