Әйелді қаққан полиция қызметкері: Кінәлімін, жауапкершіліктен қашпаймын...

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 20:38 zakon.kz
Апаттың алдын алу үшін мен көлік жуу орнына қарай рөлді солға бұрып жібердім. Сол сәтте байқаусызда бір әйелді қағып кеттім. Өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын - полиция қызметкері.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін таңертең патрульдік көлікпен әйел адамды қаққан полиция қызметкерінің видеосын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, таңғы сағат 6:45 шамасында, мен Өтемісов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқанда алдымнан бір көлік атып шығып, солға бұрылғысы келді. Апаттың алдын алу үшін мен көлік жуу орнына қарай рөлді солға бұрып жібердім. Сол сәтте байқаусызда бір әйелді қағып кеттім. Өзімнің кінәмді толықтай мойындаймын. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Бұл орны толмас шығын. Мен жауапкершіліктен қашпаймын, - дейді полиция қызметкері Бақтияр Төлетай видеода.

Баспасөз қызметі Төлетайдың Патрульдік полиция полкінің инспекторы екенін жеткізді. Ол 1992 жылы туылған.

Бүгін, 14 маусымда Алматы қаласы Алатау ауданының полиция қызметкері азамат С.-ны қағып кетті, жазатайым оқиға салдарынан әйел қайтыс болды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: